Төрт көлік соқтығысып бір адам қайтыс болды
Төрт көлік соқтығысып бір адам қайтыс болды
09.07.2026 15:37
39
0

Шығыс Қазақстан облысында Алматы – Өскемен бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда төрт көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан бірнеше көлік соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар түрлі дене жарақатын алған бірнеше адам медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жол апатының нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

0 пікір