1 маусым – Балаларды қорғау күні
1 маусым – Балаларды қорғау күні
01.06.2026 09:23
28
0

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке – бүлдіршіндердің құқықтарын қорғауға, олардың қауіпсіздігі мен бақытты болашағына қоғам назарын аударуға арналған маңызды күн.
Балалар – еліміздің жарқын болашағы, тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі тірегі. Сондықтан олардың сапалы білім алып, дені сау, бақытты әрі қауіпсіз ортада өсуі – мемлекет пен қоғамның басты міндеттерінің бірі.

Осы мерекеге орай еліміздің барлық өңірлерінде түрлі мәдени-танымдық, спорттық және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлануда. Мерекелік іс-шаралар жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға, олардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

Балаларды қорғау күні – әрбір баланың қуанышты балалық шаққа, қамқорлық пен мейірімге лайық екенін еске салатын ерекше мереке.

Балаларымыз аман, жүздері әрдайым күлкіге толы болсын! Олардың армандары орындалып, болашағы жарқын болғай!

 

0 пікір