АКАДЕМИЯДА «ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
АКАДЕМИЯДА «ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
03.03.2026 19:00
15
0

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің тыңдаушылары үшін 40 сағаттық оқу курсының ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Департамент басшысы А. Наурызбай және филиал директоры А. Қайратқызы қатысты.

Аталған курс мемлекеттік қызметке қызығушылық танытатын және осы салада кәсіби дамуды көздейтін жастарға арналған. Бағдарлама аясында қатысушылар мемлекеттік басқару жүйесінің негіздерімен, стратегиялық жоспарлау және тиімді шешім қабылдау тетіктерімен, мемлекеттік қызмет әдебі мен көшбасшылық дағдыларымен танысады.

Шарада А. Наурызбай жастардың әлеуетін арттыру, олардың кәсіби бағдарын қалыптастыру және мемлекеттік қызмет құндылықтарын дәріптеу бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, тыңдаушыларды белсенділік танытып, алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдануға шақырды.

Оқу курсы жас қатысушылардың басқарушылық құзыреттерін дамытуға және болашақта мемлекеттік қызмет саласында табысты еңбек етуіне берік негіз қалайды. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

0 пікір