Бишімбаевқа қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова құқық қорғау органдарындағы қызметінен кеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылуына байланысты қабылданған. Қазақстан заңнамасына сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партиялардың құрамында болуға рұқсат етілмейді. Бұған дейін Айжан Аймағанованың «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер тізіміне енгізілгені белгілі болған еді. Бір палаталы парламент сайлауы 23 тамызда өтеді. Айжан Аймағанова 2024 жылы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы ретінде кеңінен танылды. Кейін сот Бишімбаевты бұрынғы жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru