Қазақстанның астық пен астық есебіндегі ұн экспорты 12 млн тоннадан асты
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың мамырына дейінгі кезеңде астық пен ұнды экспорттау астық эквивалентінде 12,2 млн тоннаға жетті. Бұл өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық, ол кезде шетелге 10,7 млн тонна жөнелтілген.
Өсімнің негізгі драйверлері Орталық Азия аймағындағы дәстүрлі импорттаушы елдер мен Ауғанстан болды. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 38%-ға өсіп, 3,6 млн тоннадан 5 млн тоннаға жетті, Қырғызстанға – 1,5 есе артып, 312 мың тоннадан 474 мың тоннаға дейін өсті, Ауғанстанға – 58%-ға көбейіп, 1,3 млн тоннадан 2 млн тоннаға жетті. Түрікменстан 197 мың тонна импорттады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 44%-ға жоғары (137 мың тонна).
Көп оқылғандар
2026 жылдың 4 ай мерзіміндегі Түркістан облысында орын алған интернет-алаяқтық оқиғалар
Бекзат Саттарханов туралы түрік тіліндегі кітап жарық көрді
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 512 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі
АЛМАТЫДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДА БЫЛАПЫТ СӨЗ АЙТҚАН ЕР АДАМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru