Шымкентте бизнес нысандарының бейнекамераларын полиция жүйесіне қосу мәселесі талқыланды
Шымкентте бизнес нысандарының бейнекамераларын полиция жүйесіне қосу мәселесі талқыланды
15.04.2026 19:33
12
0

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласында Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында прокуратура, Полиция департаменті, «Қазақтелеком» АҚ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы – бизнес нысандарының бейнебақылау камераларын полицияның Жедел басқару орталығына қосуды көздейтін «ShymSafe360» жобасын іске асыру мәселесі болды.

Аталған жүйені енгізу құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге, оқиғаларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ бейнежазбалардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұдан бөлек, жоба тәулік бойы жұмыс істейтін нысандардың қауіпсіздігін арттырып, азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге жүйенің техникалық мүмкіндіктері, қосылу шарттары және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі цифрлық шешімдердің артықшылықтары түсіндірілді.

Талқылау қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің пікірлерін ескере отырып, жобаны кезең-кезеңімен іске асыру және бейнебақылау жүйесінің қамту аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірленді.

«ShymSafe360» жобасын іске асыру қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуды цифрлық технологиялар арқылы күшейтуге бағытталған.

Шымкент қаласының прокуратурасы

0 пікір