ШЫМКЕНТТЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
ШЫМКЕНТТЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
06.05.2026 17:07
15
0

Шымкент қаласында туризм саласын дамыту және туристерге қолайлы орта қалыптастыру бағытында 2026 жылы бірқатар нақты жобалар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, қалада туристік ақпараттық дүңгіршектер жұмыс істеуде. Олар теміржол вокзалында, әуежайда, Арбат жаяу жүргіншілер аймағында, Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде және Сайрамдағы Ибрагим ата кесенесінде орналасқан. Бұл бастама келушілерге қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық бұрыштары Самарқанд, Алматы, Өскемен қалаларында және Бурабай курорттық аумағында ашылып, өз жұмысын жүргізуде. Бұл өз кезегінде Шымкенттің туристік әлеуетін өңіраралық деңгейде ілгерілетуге ықпал етуде.
Туристік индустрия өкілдерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында гид-экскурсоводтар, қонақ үй бизнесі әкімшілері және мейрамхана қызметкерлері арасында семинар-тренинг ұйымдастырылып, оған 90 маман қатысты.

Бұдан бөлек, 90 туристік сала маманына арналған біліктілікті арттыру семинарларын өткізу жоспарланып отыр.
Жалпы, аталған шаралар Шымкент қаласының туристік тартымдылығын арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

0 пікір