Бүгін «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» халықаралық фестивальаясында балық аулау бойынша бірегей турнир өтті. Түркістан облысының әкімдігі мен «Ауыл» партиясы бірлесіп ұйымдастырған бұл ауқымды шараға өңірдің түкпір-түкпірінен әуесқой және кәсіпқой балықшылар жиналды. Іс-шараға «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері және партия белсенділері қатысты.
«Индустриялық аквамәдениет – ауыл шаруашылығын әртараптандыруға және ауылдық жерлерде жоғары табысты бизнесті дамытуға септігін тигізсе,спорттық балық аулау, агротуризм мен экотуризмді дамытудың тиімді тетігі болатыны анық», – деп атап өтті «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов.
Турнир халықаралық ережелерге сай, әділ бәсеке жағдайында өтті. Қатысушылар үш бағыт бойынша бақ сынасты:
Жарыс балық аулаудың үш түрі бойынша өткізілді. Қармақпен аулаудан Айтбаев Нурболат – 1 орын, Насиридин уулу Эрлан – 2 орын, Иманбердиев Туребекали – 3 орын, спиннингпен балық аулаудан Абдиев Ғани – 1 орын, Мелдебек Ерхан – 2 орын, Абдужапаров Искендер – 3 орын және фидерлік құралмен балық аулаудан Абдужапаров Жаныбек – 1 орын, Айтбаев Нурболат – 2 орын, Еркебаев Еркин – 3 орын иеленді.
Турнирге қатысушы Асхат Олжабайдың пікірінше «Әуесқой балықшылық әр жерде бар. Бұл халық арасында ертеден кең тараған демалыстың бір тұрі. Бірақ бүгінгідей сайыстар балық аулаудың мәдениетін қалыптастыру үшін өте қажет,»-деді.
Бұл жоба Түркістан облысының аймағында экотуризмді дамытуға бағытталған.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru