Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Алакөл алаулары» мерекелік іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған кең ауқымды профилактикалық акция өткізді.
Акция барысында демалушыларға есірткінің адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға тигізетін зияны туралы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау, өндіру және өткізу үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара аясында қатысушыларға есірткі қылмыстары үшін көзделген заң талаптары мен жауапкершілік туралы мәліметтер қамтылған 2 мыңға жуық ақпараттық жадынама таратылды.
Профилактикалық акцияға еліміздің түрлі өңірлерінен келген 4 мыңға жуық демалушы мен қонақ қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткінің зияны туралы қоғамның хабардарлығын күшейту және есірткісіз, қауіпсіз қоғам құруға ортақ жауапкершілікті қалыптастыру.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru