Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жаңа Орталық қалалық кітапхананың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Жалпы аумағы шамамен 2 мың шаршы метрді құрайтын жаңа кітапхана бір мезетте 100 мыңға дейін кітап сақтауға мүмкіндік береді. Ғимарат оқырмандардың заманауи талаптарына сай жабдықталып, кітап оқу мен білім алуға қолайлы кеңістікке айналмақ.
Қазіргі уақытта нысанда ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді орнату және басқа да құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Жоба толық аяқталғаннан кейін кітапхана тұрғындарға кітап оқу, түрлі мәдени және ағартушылық іс-шараларға қатысу, білімін жетілдіру үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Сонымен қатар ол қаладағы маңызды мәдени-рухани орталықтардың біріне айналады деп күтілуде.
Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» әлеуметтік жауапкершілік аясында қызмет ететін өңірлерде білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт салаларының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды тұрақты түрде қолдап келеді.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru