Жарнама мәдениеті – қала көркі мен болашағы
Жарнама мәдениеті – қала көркі мен болашағы
25.01.2025 11:14
9
0

Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімі шаһардағы заңсыз жарнамаларды жою және қала көркін сақтау мақсатында кезекті рейдтік шара ұйымдастырды. Рейд барысында Сауран, Отырар және Шауғар тұрғын алаптарындағы кәсіпкерлік нысандар тексеріліп, заңсыз орнатылған жарнамалар анықталды.

Қала әкімдігі тарапынан әрбір кәсіпкерге заң талаптары түсіндіріліп, қала мәдениеті мен эстетикасын сақтау жөнінде түсіндірмелер берілді. Бұл шаралар Түркістанның көркем келбетін сақтап, тұрғындардың эстетикалық талғамына сай қала құрылысын дамытуға бағытталған.

Түркістан – тарихы терең, мәдениеті бай қала, оның көркі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қала беруі тиіс.

0 пікір