Облыстық мәслихат сессиясында қаржы мәселелері бойынша нақты шешімдер қабылданды
Облыстық мәслихат сессиясында қаржы мәселелері бойынша нақты шешімдер қабылданды
10.04.2025 16:19
5
0

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясы өтті. Сессия басталар алдында мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов өңірдегі жаңа кадрлық тағайындауларды таныстырды.

Сессия жұмысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, мәслихат депутаттары, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» және 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII шешімге өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Аталған мәселелер бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сессия соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәслихат жұмысына табыс тілеп, бірлескен жұмыс барысындағы үйлесімділікке тоқталды.

Бүгінгі сессияда маңызды мәселелер қаралып, облысымыздың экономикалық өсімін қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында нақты шешімдер қабылданды. Мұндағы мақсат – халықты толғандыратын мәселелерді анықтап, оларды шешу бойынша тиісті шараларды қабылдау екені белгілі. Нақтылай өтсем, биылғы 2 айда өсім 111,1%-ды құрап, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі сақталды. Осы қарқынды бәсеңдетпей әрі қарай тиісті жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырамын. Сессия барысында қаралған мәселелерге бірауыздан қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс атқарамыз деп сенемін, – деді облыс басшысы.

0 пікір