Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Ақшолақовты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Ақшолақовты қабылдады
27.07.2026 14:16
39
0

  Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер туралы баяндалды.

Кездесу барысында өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде ақпарат берілді.

Тараптар экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын дамыту, экологиялық ахуалды жақсарту және республикалық қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Атырау облысының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

0 пікір