ШЫМКЕНТТЕ «QAMQOR» ӨҢІРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛДЫ: ТАЛАПТАР МЕН ШАРТТАР
ШЫМКЕНТТЕ «QAMQOR» ӨҢІРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛДЫ: ТАЛАПТАР МЕН ШАРТТАР
05.11.2024 16:29
34
0

Шымкент қаласында «Qamqor» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы басталды. Бұл бағдарламаға қатысу үшін тұрғындар өтінім бере алады. Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы мен «Отбасы Банкі» АҚ Шымкент филиалының өкілдері бағдарламаның шарттары мен оның тиімді тұстарын түсіндіру мақсатында баспасөз брифингін өткізді.

Шымкент қаласының тұрғындары үшін «Qamqor» бағдарламасына өтінімдер 30 қыркүйек күні қабылдана бастады, ал өтінім қабылдау 28 қарашаға дейін жалғасады. Бағдарламаға қатысу үшін шарттар жеңілдетілген, ал өтініш берушілерге баспана алу мүмкіндігі ұсынылады.

Тұрғын үй басқармасының басшысы орынбасары Көпжан Төлебаевтың айтуынша, биылғы жылға бағдарлама бойынша жалпы 8 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде жергілікті бюджеттен – 5 миллиард, ал «Отбасы Банкі» АҚ арқылы 3 миллиард теңге қарастырылған. Өткен жылы осы бағдарлама бойынша 150 отбасы баспаналы болған, ал биыл бұл көрсеткіштің артуы күтілуде.

Бағдарлама аясында жұмыс істейтін азаматтар үшін жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бар. Берілетін заемның ең жоғары сомасы 20 миллион теңгені құрайды, ал несиенің мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды. Сонымен қатар, алғашқы жарна 10 пайыздан басталады.

«Qamqor» бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер автоматтандырылған жүйе арқылы тексеріледі. Қатысушының жасы өтінім берген кездегі кезеңмен қоса алғанда 63 жастан аспауы тиіс. Сонымен қатар, жеңілдетілген несиеге үміткерлер пулына көп ұпай жинаған азаматтар кіреді. Ұпайлар қатысушының жасы, некеде тұру ұзақтығы, балалардың саны, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы және Отбасы банкіндегі депозиті сияқты факторлар арқылы есептеледі.

Жаңа бағдарламаға дәрігерлер, медбикелер, мұғалімдер, тәрбиешілер, мәдениет және спорт қызметкерлері, шығармашылық одақ мүшелері, журналистер және қалалық мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері қатыса алады. Қазіргі таңда бағдарламаға 2200-ден астам өтінім қабылданған.

Бұл бағдарлама тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал етіп, азаматтарға қолайлы шарттармен баспана алу мүмкіндігін ұсынады.

0 пікір