Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Президент Эндрю Бернемге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Ұлыбритания халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.