Тұран ауданында қоғамдық аумақтарды абаттандыру бойынша кешенді сенбіліктер өткізілуде
Тұран ауданында қоғамдық аумақтарды абаттандыру бойынша кешенді сенбіліктер өткізілуде
15.09.2025 12:47
41
0

Тұран ауданының тұрғыны — Данияр Құсайын

Тұран ауданында соңғы айларда экологиялық мәдениетті арттыру және қоғамдық аумақтарды абаттандыру мақсатында кең ауқымды сенбіліктер белсенді түрде өткізіліп келеді. Аталған шараларға аудан тұрғындары, жастар ұйымдары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен еріктілер бірлесе қатысып, ортақ іске жұмыла атсалысуда. Сенбіліктер барысында аулалар, саябақтар, көшелер бойы және көпқабатты үйлердің маңайы қоқыстан тазартып, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары қолға алынған.

Тұрғындардың айтуынша, бұл бастама ауданның көркін айтарлықтай жақсартқан. Солардың бірі — Данияр Құсайын. Оның сөзінше, сенбіліктердің тек тазалық жұмыстары ғана емес, халықты біріктіретін қоғамдық шараға айналуы ерекше қуантады. «Бұрын әркім өз үйінің маңын ғана тазалап, өз шеңберінен шықпайтын. Қазір көршілерімізбен бірге ауламызды, көшелерімізді ретке келтіруді дәстүрге айналдырдық. Бұл біздің балаларымызға да үлгі», — дейді ол.

Сенбіліктер барысында тек қоқыс жинаумен шектелмей, ағаш түптері әктеліп, гүлзарларға тыңайтқыштар себілген. Кейбір аулаларда тұрғындардың ұсынысымен қосымша көшеттер отырғызылып, оларды суару үшін арнайы су құбырлары тартылған. Сонымен қатар, ескі орындықтар мен қоқыс жәшіктері жаңаларымен алмастырылып, жасөспірімдер үшін шағын спорттық аймақтар да жөндеуден өткізілген.

Жастар ресурстық орталығының еріктілері де бұл игі іске белсенді араласуда. Олар қарт адамдар тұратын үйлердің ауласын тазалап, тұрмыстық қалдықтарды шығарып беруге көмектеседі. Данияр Құсайынның айтуынша, мұндай көмек көрсетулер адамдар арасында өзара сыйластық пен қамқорлық сезімін арттырады. «Сенбілік біз үшін тек еңбек күні ғана емес, бір-бірімізді жақынырақ танитын, пікір алмасатын ортаға айналды», — дейді ол.

Аудан әкімдігі сенбіліктерді тек көктем мен күз мезгілінде ғана емес, жыл бойы тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатта әрбір тұрғын үй кешендері мен көшелерге жауапты топтар бекітіліп, тазалық шараларын ұйымдастырудың бірыңғай кестесі жасалған. Жиналған қоқыстар арнайы техникамен дер кезінде шығарылып, өңдеу орындарына жеткізіледі.

Сонымен қатар, тұрғындардың белсенділігін арттыру мақсатында үздік таза аула немесе таза көше номинациялары енгізіліп, қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталып келеді. Бұл бастама тұрғындардың ынтасын одан әрі күшейткен.

Жалпы алғанда, Тұран ауданында ұйымдастырылып жатқан сенбіліктер тек санитарлық жағдайды жақсарту ғана емес, қоғамда ортақ жауапкершілік пен бірлік сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып отыр. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын тауып, ауданның экологиялық ахуалы одан әрі жақсаратыны сөзсіз.

 

0 пікір