Республикалық, ақпараттық, қоғамдық, ұлттық портал
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
19.11.2026 17:59
969
0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында Арбат алаңында 2026 жылғы 28 қараша күні сағат 12:00-де ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптейтін ерекше мереке – «ДОСТЫҚ» ЭТНОФЕСТИВАЛІ өтеді!

Фестиваль аясында ұлттық дәстүрлер мен қолөнер көрмесі, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, этномузыкалық ән мен би, салт-дәстүр көріністері ұсынылады.

Бүркітшілер мен саятшылар өнері, ұлттық спорт түрлері, шеберлік сабақтары, этно базар және заманауи креативтік өнер – барлығы бір алаңда!

«ДОСТЫҚ» – мәдениеттер тоғысқан, дәстүрлер жаңғырған, ынтымақ пен бірлікті ұлықтаған фестиваль!

Келіңіздер! Көріңіздер! Ұлттық мұрамызды бірге дәріптейік!

0 пікір