Республикалық, ақпараттық, қоғамдық, ұлттық портал
Құрылтайда көші-қон заңнамасын жетілдіру мәселелері қаралды
Құрылтайда көші-қон заңнамасын жетілдіру мәселелері қаралды
15.10.2026 12:50
4
0

     Құрылтайда көші-қон заңнамасын жетілдіруге бағытталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Жиынға депутат Ләззат Жылқыбаева жетекшілік етіп, оған мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Заң жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында әзірленген. Құжат шетелдік инвесторлар мен жоғары білікті мамандарды Қазақстанға тартуға, сондай-ақ шетелде еңбек ететін қазақстандықтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған.

«Алтын виза» институтын енгізу ұсынылды

Заң жобасындағы негізгі жаңашылдықтардың бірі – шетелдік капиталды, заманауи технологиялар мен білікті мамандарды елге тартуға арналған «Алтын виза» институтын енгізу.

Сонымен қатар құжатта ұзақ мерзімді резидент мәртебесін беру және «Алтын визаның» цифрлық куәлігін рәсімдеу тетіктері қарастырылған.

Құжаттарды рәсімдеу цифрландырылады

Заң жобасы көші-қон қызметтерін көрсетуді жеңілдетуге де бағытталған. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігінің QazETA платформасы арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша құжаттарды онлайн тапсыру мүмкіндігін енгізу көзделіп отыр.

Ұсынылып отырған өзгерістер көші-қон рәсімдерін оңтайландыруға, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

0 пікір