2025 жылы республикалық бюджетке мемлекеттік акциялар пакеттерінен 164,7 млрд теңге дивиденд түсті - ҚР Қаржы министрлігі
2025 жылы республикалық бюджетке мемлекеттік акциялар пакеттерінен 164,7 млрд теңге дивиденд түсті - ҚР Қаржы министрлігі
12.06.2026 16:34
9
0

  ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Комитеттің 2025 жылғы жұмыс қорытындысын таныстырып, алдағы кезеңдегі қызметтің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Комитеттің қарамағында 134 акционерлік қоғам, 37 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 168 республикалық мемлекеттік кәсіпорын бар. 2025 жылы 164,7 млрд теңге көлемінде дивидендтер, ЖШС-дегі қатысу үлесінен 17,4 млрд теңге кіріс, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінен 11,1 млрд теңге түсім қамтамасыз етілді.

 «2025 жылы республикалық тұрғын емес қордың 1638 объектісі және 107 жабдық бірлігі жалға беріліп, олардан республикалық бюджетке 2,7 млрд теңге түсті».

 2026-2030 жылдарға арналған оңтайландыру жоспары мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордың 500 объектісін қамтиды

  Былтыр 2021–2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру аяқталды. Оның шеңберінде мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордағы 623 объектінің сомасы 977 млрд теңгеге тең 402 нысаны бәсекелестік ортаға берілді және 68 объект қайта ұйымдастыру мен таратуға жіберілді. Ең ірі мәмілелердің қатарында «ҚазМұнайГаз», Air Astana, KEGOC сияқты компаниялардың IPO-сын атап өткен жөн. Орналастырудың жалпы сомасы шамамен 187 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлімдеді.

 «Биылдан бастап республикалық, коммуналдық меншік пен квазимемлекеттік сектордың 500 объектісін қамтитын 2026–2030 жылдарға арналған жаңа Оңтайландыру жоспары іске асырылуда. Бүгінде 42 объект бойынша іс-шаралар орындалды. Осы кешенді жоспарды іске асыру қорытындысы бойынша мемлекеттің экономикадағы үлесі ЖІӨ-нің 13,2%-на дейін төмендейді деп күтілуде», – деді спикер

 Сонымен қатар оның айтуынша, Комитет қызметі шеңберінде 2025 жылы басқа да 687 республикалық объект өткізіліп, олардан Ұлттық қорға 1,3 млрд теңге түсті.

0 пікір