Қазақстанда 2,5 млрд текше метрлік Қашаған газ өңдеу зауыты жобасын іске асыру басталды
Қазақстанда 2,5 млрд текше метрлік Қашаған газ өңдеу зауыты жобасын іске асыру басталды
12.06.2026 16:11
8
0

  Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің төрағалығымен Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «PSA» ЖШС, NCOC компаниясы акционерлерінің басшылығы, сондай-ақ жобаны іске асыруға қатысатын өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

  Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қашағандағы қуаттылығы 2,5 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу жобасы нақты іске асыру кезеңіне өткенін атап өтті.

 Кеңес барысында жобаның ағымдағы жай-күйі, мүдделі тараптар арасындағы үйлестіру мәселелері, сондай-ақ нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар талқыланды.

 Үкіметтің қаулысымен жобаның EPC-мердігері ретінде China National Chemical Engineering Sixth Construction Company Kazakhstan Branch және China Wuhuan Engineering Corporation Ltd компанияларынан құралған консорциум айқындалғаны атап өтілді.

  Кеңес қорытындысы бойынша Ерлан Ақкенженов жобаға қатысушы барлық тараптарға жұмыстарды тиімді үйлестіруді және жобаны іске асыру мерзімдерін сақтау үшін сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ «QazaqGaz» ҰК» АҚ-на жобаны іске асыру барысы, қабылданып жатқан шаралар және туындаған мәселелер туралы ақпаратты жедел түрде шешуге ықпал ету мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне ай сайын ұсынып отыру тапсырылды.

 Айта кету керек, қазіргі уақытта Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

0 пікір