Бүгін Халықаралық жастар күні атап өтіледі
Бүгін Халықаралық жастар күні атап өтіледі
12.08.2026 08:18
18
0

   1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 12 тамыз Халықаралық жастар күні болып белгіленді.
Жастар – елдің бүгінгі белсенді күші, жаңа идеялар мен батыл бастамалардың қозғаушысы.
Бүгінде Қазақстанда 6 миллионға жуық жас бар. Мемлекет тарапынан жастардың сапалы білім алуына, еңбекке араласуына, баспаналы болуына, кәсіп бастауына және шығармашылық әлеуетін дамытуына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қазақстандық жастар волонтерлік қозғалысқа да белсенді қатысып келеді.
Жас қазақстандықтарды Халықаралық жастар күнімен құттықтаймыз!

0 пікір