Достық үйіндегі жаңа этнокітапхана оқырманға есік ашты
Достық үйіндегі жаңа этнокітапхана оқырманға есік ашты
22.07.2026 15:14
17
0

   Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Жетісу облысындағы Достық үйінде «Әлем халықтарының әдебиеті – бір кітапханада» атты этнокітапхана ашылды.

Аталған жоба кітап оқу мәдениетін арттыруға, әлем халықтарының әдеби мұрасын танытуға және қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға бағытталған.

Этнокітапхана қорына түрлі тілдердегі көркем, тарихи және ғылыми-танымдық шығармалар енгізілген. Мұнда оқырмандар үшін әдеби кездесулер, кітап таныстырылымдары, тақырыптық көрмелер және басқа да мәдени-ағартушылық шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Кітапхананың ашылу салтанаты барысында Жетісу облысының этнокартасы таныстырылды. Картада өңірдегі этникалық құрам, этномәдени бірлестіктердің қызметі және облыста тұратын әртүрлі этнос өкілдерінің мәдени ерекшеліктері көрсетілген.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің әдістемелік қолдауымен жүзеге асырылды.

0 пікір