ҚР құқық қорғау органдары іздеген шетел азаматы елге экстрадицияланды
ҚР құқық қорғау органдары іздеген шетел азаматы елге экстрадицияланды
22.07.2026 15:18
20
0

   Бас прокуратура мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Интерполының Ұлттық орталық бюросы қызметкерлері Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен халықаралық іздеуде болған шетел азаматын елге экстрадициялады.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2022–2023 жылдары күдікті сыбайласымен бірге Алматы қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 12 миллион теңгеден астам қылмыстық табыс тапқан.

Қылмыс жасалғаннан кейін оның сыбайласы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал екінші күдікті құқық қорғау органдарынан бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Ағымдағы жылдың ақпан айында күдікті Вьетнам аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы негізінде Қазақстанға жеткізілді.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылып отырған қылмыс бойынша мүлкін тәркілеу және бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

0 пікір