Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиев пен әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
– Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.
Көп оқылғандар
Алматыда 7 айлық жүкті әйел мен сәбиінің өліміне байланысты тексеріс басталды
Қазақстан мен Түркия мәдени-гуманитарлық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруде
2026 ЖЫЛҒЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ 27 МАМЫРҒА БЕКІТІЛДІ
АҚОРДАДА МАҚПАЛ ЖҮНІСОВАҒА ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Алатау қаласында алғаш рет әуе таксиі ұшырылды
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru