Парламент газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын қабылдады
Парламент газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын қабылдады
19.06.2026 12:12
14
0

 Заң жобасы газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруді, тауарлық газды есепке алуды цифрландыруды, халық арасында газды үнемді тұтынуды енгізуді көздейді. Құжат аясында механикалық есептегіштерді қашықтан дерек жіберетін «ақылды» есептегіштермен алмастыру, халық үшін тауарлық газды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу және газ тарату ұйымдарының газ құбырларын магистральдық жүйелерге тікелей қосуды қамтамасыз ету қарастырылған.

 «Заң жобасын ағымдағы жылғы 11 маусымда екі оқылымда ҚР Парламентінің Сенаты қабылдады. Жақын уақытта Мемлекет басшысының қол қоюы күтілуде», - деді ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

0 пікір