Қазақстан Халықаралық маршруттық желіні кеңейтуде: Қытай мен Қырғызстанға жаңа рейстер ашылуда
Қазақстан Халықаралық маршруттық желіні кеңейтуде: Қытай мен Қырғызстанға жаңа рейстер ашылуда
07.07.2026 12:30
11
0

 ҚР Көлік министрлігі ұшу бағыттарының географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы жұмыс аясында қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Қытай мен Қырғызстан бағыттары бойынша жаңа халықаралық рейстерді іске қосты.

 2026 жылдың 26 маусымынан бастап әуе компания Ақтау – Үрімші (Қытай) бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастады. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

 Сонымен қатар, 3 шілдеден бастап Астана – Ыстықкөл (Қырғызстан) бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстер іске қосылды. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

 Жаңа халықаралық әуе бағыттарының ашылуы Қазақстанның Қытай және Қырғызстанмен сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және гуманитарлық байланыстарын одан әрі нығайтуға, сондай-ақ жолаушылар үшін халықаралық сапарлар мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.

0 пікір