Үмбетәлі Кәрібаев музей-үйі жаңғыртылуда
Алматы облысы Жамбыл ауданындағы халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың музей-үйінде қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Қазіргі таңда «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары аумағы 90 шаршы метр болатын шатырды толық жаңартып, ағаш қаңқасы мен металл жабындысын ауыстырды және су ағызу жүйесін орнатты. Сонымен қатар ғимараттың ішкі және сыртқы қабырғалары мен еденіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Келесі кезеңде музейдің қасбеті қалпына келтіріліп, зақымданған қабырғалары нығайтылады. Терезелер мен есіктер орнатылған соң, тарихи нысанның бастапқы сәулеттік келбеті сақтала отырып, реставрация жұмыстары толық аяқталады.
Көп оқылғандар
Ұлттық архивке – 20 жыл: тарихи мұраны сақтау жолындағы маңызды қадамдар
Қазақстанда әскери білім алуға қызығушылық артып келеді
Олжас Бектенов Маңғыстаудағы логистикалық жобалардың іске асуын тексерді
Қызметтік иттер "Қарасора-2026" операциясы аясында 90 есірткі қылмысының жолын кесуге көмектесті
ТҮРКІСТАНДА «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru