Қазақстанда әскери білім алуға қызығушылық артып келеді
Қазақстанда әскери білім алуға қызығушылық артып келеді
21.07.2026 15:57
24
0

  ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау кезінде талапкерлер арасындағы бәсекелестіктің артуы әскери мамандықтарға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. Бұл бағыттардың беделі өсіп, әскери білім беру жүйесінің басқа білім беру салаларымен қатар бәсекеге қабілетті екенін аңғартады. 2025 жылғы қабылдау нәтижесіне сәйкес, әскери оқу орындарындағы әрбір орынға орта есеппен үш талапкерден үміткер болған.

Сұранысқа ие мамандықтардың қатарында мемлекеттік авиациядағы әуе кемелерін пайдалану, әскери медицина, автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар, сондай-ақ әскери саладағы дене шынықтыру бағыттары болды. Талапкерлерді қабылдау қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізіліп, конкурс нәтижесінде қалыптасқан рейтингтік тізім негізінде жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер бірнеше талапкердің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, заңнамада белгіленген артықшылықтарға ие азаматтарға басымдық беріледі. Олардың қатарына әскери қызмет өткерген азаматтардың балалары, «Алтын белгі» иегерлері және халықаралық әрі республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары жатады.

0 пікір