Қазақстан құрамасы Азиадада стенд атудан қола жүлдеге қол жеткізді
Қазақстан құрамасы Азиадада стенд атудан қола жүлдеге қол жеткізді
29.09.2026 10:01
23
0

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның стенд атудан ерлер құрамасы трап бағдарламасы бойынша командалық жарыста қола медаль жеңіп алды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, ел намысын Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почивалов қорғады. Үш спортшының нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 348 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Командалық сайыста Кувейт спортшылары 355 ұпаймен топ жарса, Қатар құрамасы 349 ұпаймен күміс медаль иеленді.
Осылайша, қазақстандық мергендер Азия ойындарының жүлдегерлері атанды.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан 558 спортшы қатысып, спорттың 35 түрі бойынша бақ сынап жатыр.

0 пікір