Елімізде өндірістегі қызметкерлердің қаза болуы мен жарақаттануының төмендеуі байқалады
ҚР төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде министрлік өндірістік авариялардың туындау қаупі мен соның салдарынан болатын адам өлімін азайту бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік шаралары нығайтылып, өндірістік бақылауға, кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауға қойылатын бірқатар талаптар күшейтілді, тозған жабдықты уақтылы жаңарту жоспарын келісу міндеті белгіленді.
«Қазір еліміздің қауіпті өндірістік орындардағы адам өлімі 2,5 есеге, жарақат алу 25%-ға азайды», – деді Шыңғыс Әрінов.
Көп оқылғандар
Үкімет Ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті
1 маусым – Балаларды қорғау күні
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары Еуразия экономикалық форумы аясындағы көрмені тамашалады
ІІМ бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді кигені үшін жауапкершілік туралы еске салды
Қазақстан мен Ресей ІІМ қылмыскерлерді іздестіру бағытында өзара іс-қимылды күшейтуде
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru