Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде өндірістік қуаттарды жаңарту бөлігінде баса назар аударуды талап ететін тау-кен металлургия кешеніндегі 50 ірі кәсіпорнының тізбесі жасақталды. Олардың қызметін тиімді мониторингтеу үшін техникалық қайта жарақтандыруды бақылау картасы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады.
Оның айтуынша, бағдарлама іске қосылған сәттен бастап ТМК кәсіпорындары бүгінде 530 млрд теңгеден астам сомаға өндірісті жаңғырту, техникалық ахуалды қолдау және кеңейту бойынша іс-шараларды жүзеге асырған. Сонымен қатар, ведомство ТЖМ-мен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелеріне салатын инвестиция көлемін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда, оларға қойылатын талаптар Жер қойнауы туралы кодексте қатаң бекітілген.
«Әрбір жер қойнауын пайдаланушы өндіру кезеңіне өту кезінде тау-кен жұмыстарының жоспарын төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келісуге міндетті. Өткен жылы ТЖМ-мен бірлесіп Жер қойнауын пайдаланушылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелеріне инвестицияларды ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекіттік. 55 шахта мен кеніштерді зерттеу нәтижесінде сегіз компанияның 10 нысаны анықталды, онда персоналды позицияға орналастыру және іздеу жүйелері жоқ. Қалған нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік жабдықтарын жаңғырту қажет», — деді министр.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru