«Қайрат» Еуропа лигасындағы қарымта ойынға жастарды шығаруы мүмкін
«Қайрат» Еуропа лигасындағы қарымта ойынға жастарды шығаруы мүмкін
21.08.2026 13:24
39
0

Алматының «Қайрат» клубы «Андерлехтке» қарсы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі екінші кездесуде құрамды өзгертуі мүмкін. Алматылық команда үшін Қазақстан чемпионатындағы жағдай қазір маңыздырақ болып отыр. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері турнирлік кестеде «Ордабасыдан» төрт ұпайға қалып келеді. Сондықтан алдағы ішкі чемпионат ойындарында ұпай жоғалтпау клубтың басты міндеттерінің біріне айналған. «Қайратты» жақын арада «Елімай», «Жеңіс», «Тобыл», «Астана» және «Ақтөбе» секілді қарсыластармен маңызды кездесулер күтіп тұр. Осыған байланысты бапкерлер штабы негізгі футболшыларға салмақ түсірмей, оларды Қазақстан чемпионатының матчтарына сақтап қалуды жоспарлауы ықтимал.

Сондықтан Бельгиядағы қарымта кездесуде ойын тәжірибесі аз футболшылар мен «Қайрат-Жастар» командасының ойыншыларына мүмкіндік берілуі мүмкін.

Еске салайық, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында «Қайрат» өз алаңында «Андерлехттен» ірі есеппен жеңілген еді. Осы нәтижеден кейін алматылық клубтың келесі кезеңге өту мүмкіндігі айтарлықтай төмендеді. Енді команда үшін ішкі біріншіліктегі нәтижелерді жақсарту және чемпиондық жарыстағы позициясын сақтап қалу маңызды болмақ.

0 пікір