Қаракесек Келдібек жігіт күнінде (қыз таңдап) түсінде ата-бабаларының аян бергеніндей қызды кездестіре алмай, үйленбей көп жүріп қалады. Күндердің бір күнінде бір жерде үлкен жиын-той болыпты. Сол тойға жиылған көп сұлулардың ішінен аяғын сылтып басатын, көзі қиғаштау бір қызды ұнатып қалады. Әке-шешесінің қарсылығына да қарамастан қызға үйленеді.
Ауыл-аймақ, туған-туыс бәрі: «Япыр-ай, таңдаған тазға» деген осы да» дейді.
Бірде Келдібектің бір құрдасы шай үстінде отырып:
- Келдібек-ау, осы қайсысың көргішсіңдер? – деп күлгендей болады. Сонда келіншек жарының досына сыпайы ғана күлімдей қарап:
Жасырмаймын, көзім қыли, ақсақпын,
Келдекеңмен сондай тату, жақсы-ақпын
Татулықтың белгісіндей ұмытылмас,
Төрт божанды билейтін ұл таппақпын –
деген екен.
Көп кешікпей келіншек ұл тауып, атын Қазыбек қояды. Ол Орта жүзді билеген атақты Қаз дауысты Қазыбек би атанады.
Қазыбек бидің анасының ақылдылығы
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru