ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаевтың мәліметінше, әскер түрлерінің қатысуымен түрлі ведомствоаралық оқу-жаттығулар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл іс-шаралар барысында авиация, артиллерия, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, байланыс және радиоэлектрондық күрес бөлімдерінің өзара үйлесімді әрекеті жетілдіріледі.
Оқу-жаттығулар кезінде ұшқышсыз жүйелерді басқарудың бірыңғай кешеніне біріктіру, сондай-ақ радиоэлектрондық әсер жағдайында басқару жүйелерінің тұрақтылығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар курсанттар мен кадеттердің практикалық дайындығын арттыру мақсатында олар әскери бөлімдерде тәжірибеден өтіп, тәжірибелі әскери басшылардың жетекшілігімен бөлімдердің күнделікті қызметіне қатысады.
Полковник Мұрат Олжабаевтың айтуынша, қазіргі заманғы әскери маман тек теориялық біліммен шектелмей, заманауи қару-жарақ пен басқару құралдарын, соның ішінде цифрлық жүйелер мен ұшқышсыз кешендерді пайдалану бойынша нақты тәжірибеге ие болуы қажет.
Осындай дайындық үлгісі әскери бөлімдердің тұрақтылығын күшейтіп, Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік қабілеті мен кәсіби даярлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru