Әскери және азаматтық білім беру салаларының өзара байланысы нығаюда
Әскери және азаматтық білім беру салаларының өзара байланысы нығаюда
21.07.2026 15:31
19
0

  ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ алаңында әскери және азаматтық жоғары оқу орындары арасындағы өзара байланысты дамыту маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанның жетекші білім беру мекемелерімен бірлескен оқыту бағдарламалары іске асырылып келеді.

Оның айтуынша, бұл бағдарламалар әскери медицина, дене шынықтыру және спорт, аударма ісі, әскери оркестрлер мен дирижерлік қызмет, әскери құрылыс және басқа да салалар бойынша мамандар даярлауға бағытталған. Әскери және азаматтық білім беру ресурстарын біріктіру оқу сапасын арттырып, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Сонымен қатар, халықаралық келісімдер мен бекітілген талаптарға сәйкес, Қарулы Күштерге қажетті мамандықтар бойынша 300-ден астам курсант шетелдік әскери оқу орындарында білім алуда. Олар Қытай, Түркия, Корея Республикасы, АҚШ, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Армения және Беларусь мемлекеттеріндегі білім беру мекемелерінде даярлықтан өтуде.

Шетелдік тәжірибені меңгеру әскери білім беру жүйесін жетілдіруге, жаңа тәсілдерді енгізуге және халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

0 пікір