Шегіртке саны екі жыл қатарынан азайып келеді
Шегіртке саны екі жыл қатарынан азайып келеді
27.07.2026 14:52
21
0

   ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбековтің айтуынша, соңғы жылдардағы үйірлі шегіртке зиянкестерінің таралу динамикасына жүргізілген талдау олардың санының 2024 жылға дейін өсу үрдісін көрсеткен. Ең жоғары көрсеткіш дәл осы жылы тіркеліп, қорғаныс іс-шаралары 3,1 млн гектар алқапта жүргізілді. 2025 жылдан бастап өңдеу көлемінің төмендеуі байқалады. Былтыр 2,7 млн гектар өңделді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 13%-ға аз. 2026 жылы – алдыңғы жылғы өңдеу көлемінің 33%-ы құрады. 

  «Зиянкестер санының азаюы Үкіметтің қолдауымен жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесі болды. Бұл нәтижеге өсімдіктерді қорғау жүйесін жетілдіру бағытында қабылданған шаралар елеулі үлес қосты», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, фитосанитариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын жаңғырту аясында техникалық жарақтандыру күшейтілді. Мониторинг жүргізуге және нүктелік өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 103 дрон мен 59 мамандандырылған автокөлік сатып алынды. Сонымен қатар, химиялық өңдеу қызметтерін бірыңғай сатып алу тетігі енгізілді. Желдеткішті бүріккіштердің өнімділік нормалары қайта қаралып, көрсеткіш 100 гектардан 70 гектарға дейін төмендетілді. Сондай-ақ желдеткішті бүріккіштер мен дрондарды сатып алу шығындарының 25%-ын субсидиялау көзделген.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбековтің айтуынша, соңғы жылдардағы үйірлі шегіртке зиянкестерінің таралу динамикасына жүргізілген талдау олардың санының 2024 жылға дейін өсу үрдісін көрсеткен. Ең жоғары көрсеткіш дәл осы жылы тіркеліп, қорғаныс іс-шаралары 3,1 млн гектар алқапта жүргізілді. 2025 жылдан бастап өңдеу көлемінің төмендеуі байқалады. Былтыр 2,7 млн гектар өңделді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 13%-ға аз. 2026 жылы – алдыңғы жылғы өңдеу көлемінің 33%-ы құрады.

 

0 пікір