«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі шығарған «KÖLEÑKE» (18+) анимациялық жобасы АҚШ-та өткен PFCAT (Portland Festival of Cinema, Animation & Technology) халықаралық фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Туынды хоррор-анимация жанрында «Өзгеше көзқарас пен шығармашылық шеберлік үшін» жүлдесімен марапатталды. Фестиваль мамандары туындыдағы авторлық қолтаңба мен көркемдік ерекшелікті жоғары бағалады.
«KÖLEÑKE» жобасын отандық мамандардан құралған шығармашылық топ әзірледі. Сценарий авторы – Ернар Тілеубаев, қоюшы режиссері – Мақсат Аяпов, қоюшы суретшісі – Даир Жиенқұлов, атқарушы продюсері – Нұржігіт Сұлтанберді. Бұдан бөлек, «Қазақанимацияның» фолк-хоррор жанрындағы «Su perisi» мен «Shańyraq» драмасы фестивальдің негізгі бағдарламасынан орын алды. Бұл туындылар Портленде алғаш рет шетелдік көрерменге көрсетілді.
Қазақ анимациясы АҚШ-тағы халықаралық фестивальде жүлде алды
Көп оқылғандар
МҰҒАЛІМДЕРДІ АТТЕСТАТТАУДА ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛЕДІ
Мектеп маңындағы қауіпсіздікке бақылау күшейтілді
Бейбарыс Ерғали әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
Алматыда «Қазақфильм» киностудиясын дамыту жоспары таныстырылды
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru