Тимофей Скатов US Open турнирінің іріктеу кезеңінде бақ сынайды
Тимофей Скатов US Open турнирінің іріктеу кезеңінде бақ сынайды
24.08.2026 12:46
21
0

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов АҚШ-та өтетін «Үлкен дулыға» сериясындағы US Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін іріктеу сайысына қатысады. ATP рейтингінде 149-орында тұрған Скатов алғашқы айналымда бельгиялық Жиль-Арно Байимен кездеседі. 20 жастағы Байи әлемдік рейтингте 230-сатыда орналасқан.

Қазақстанның үшінші ракеткасы мен бельгиялық теннисшінің матчы 25 тамызда өтеді. Кездесу Астана уақытымен 20:00-ден ерте басталмайды. Рейтингте Скатовтың орны жоғары болғанымен, оның қарсыласы да тәжірибесіз спортшы емес. Байи 2022 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанып, сол жылы ITF жасөспірімдер рейтингінде көш бастады.

Бельгиялық теннисші жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» жарыстарында да жақсы нәтиже көрсеткен. Атап айтқанда, ол Франция ашық чемпионаты мен АҚШ ашық чемпионатында финалға дейін жеткен. Скатов пен Байи арасындағы кездесудің жеңімпазы іріктеу кезеңінің екінші айналымында Григор Димитров – Лоренцо Джустино жұбының жеңімпазымен ойнайды.

US Open – теннис күнтізбесіндегі ең беделді төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі. Негізгі кезеңге өту үшін Скатовқа іріктеу кезеңінің бірнеше айналымынан сүрінбей өту қажет.

0 пікір