Алматыда «Қазақфильм» киностудиясын дамыту жоспары таныстырылды
Алматыда «Қазақфильм» киностудиясын дамыту жоспары таныстырылды
21.08.2026 18:45
14
0

Алматыға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қала әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге отандық кино өнерінің тарихына арналған тақырыптық саябақ құру жобасымен танысты.
Сапар барысында «Қазақфильм» киностудиясының қазіргі жай-күйі мен өндірістік әлеуетіне назар аударып, алдағы даму жоспарлары атап өтілді. Киностудия аумағын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Алматы әкімдігі 5,5 гектар аумақта отандық кино өнерінің тарихы мен кино саласының көрнекті қайраткерлеріне арналған заманауи тақырыптық саябақ құруды жоспарлап отыр.
Саябақ аумақтың мәдени және туристік тартымдылығын арттыратын ашық қоғамдық кеңістік ретінде бой көтермек. Келушілер отандық кино өнерінің тарихымен, киностудияның қызметімен және музей экспозицияларымен таныса алады.

0 пікір